Астанада үш күнде 4 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді

4 Наурыз 2019, 14:39
1431
Бөлісу:
Астанада үш күнде  4 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді

Астана, BAQ.KZ. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 4400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын -алу іс-шарасы аясында, сондай-ақ, қоғамда құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері, полицияның қоғамдық көмекшілері, «Жас Сақшы» студенттік құқық тәртібі жасақтарымен бірлесіп, күнделікті түрде профилактикалық іс-шараларды  өткізуде. 

3 күні бойынша полиция қызметкерлері 60-қа жуық қылмысты ашып, іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады, 10-нан астам тұлға тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін ұсталды, профилактикалық есепте тұрған 900-ге жуық адам тексерілді, жеке тұлғалардағы қару мен патрондарды сақтауды, есепке алуды және техникалық жағдайын ұйымдастыру бойынша 2500-ге жуық азаматтық қару иесі тексерілді.

Сонымен қатар, ЖААІШ кезінде 4400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: 1900-дан астамы көлік құралы жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін, 800-ден астамы шетел азаматтарының  ҚР-ның көші-қон заңңамасын бұзғаны үшін, 530-дан астамы алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша, 40-тан астамы Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу бойынша, 5-і көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша, 20 –дан астамы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша болса,  20 шақтысы көлік жүргізушілерінің көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде қарсы жүріп өту секілді құқық бұзушылықтар бар
Өзгелердің жаңалығы