Маңғыстау облысында құны 70,3 млрд теңге болатын бірнеше ірі жоба жүзеге асады

27 Мамыр 2019, 16:58
2171
Бөлісу:
Маңғыстау облысында құны 70,3 млрд теңге болатын бірнеше ірі жоба жүзеге асады
PHOTO
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы және Маңғыстау индустриялық аймағын дамыту мәселелері талданған жиында айтылды. Аталған басқосу аймақ әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткізілді. 

Жауапты мамандар келтірген мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы «Ақтау» теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына жалпы көлемі 6,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл қаражаттың 3,9 млрд теңгесі шетелдік инвесторлар құйған. 

Маңғыстау облысында құны 70,3 млрд теңге болатын бірнеше ірі жоба жүзеге асады

«Сонымен қатар біздің өңірдегі арнайы экономикалық аймаққа бас-аяғы 27 қатысушы тіркеліп отыр. Олардың жалпы сомасы 93,4 млрд теңгеге 17 жобаны жүзеге асырғанын көріп отырмыз. Бұл саладағы жұмыс қарқынын жоғалтпай, қазірде бар көрсеткішті еселеуіміз қажет», - деді жиында сөз алған өңір басшысы. 

Осы салаға жауапты тұлғалар тарапынан биылғы жылы құны 12 млрд теңге тұратын алты жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғаны да айтылды. 

Маңғыстау облысында құны 70,3 млрд теңге болатын бірнеше ірі жоба жүзеге асады

Олардың қатарында болат бұйымдарын және битум эмульсиясы негізінде су өткізбейтін материалдар шығаратын өндіріс орны, жұмсақ ыдыстық контейнерлер даярлау мекемесі, электр трансформаторлары мен кабелдерін өндіру және полимерлі ораумен шұғылданатын бірнеше кәсіпорын бар. 

Айта кетейік, 2020-2021 жылдарға арналған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысында жалпы сомасы 70,3 млрд теңгеге бағаланған ірі үш жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Олар қолданысқа қосылған жағдайда аймақта 400 тарта жаңа жұмыс орындары құрылады.

Өзгелердің жаңалығы