Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы "Әлем" сауда үйінің еденін құлпытастардың бөлігімен төселгені жайында видео тараған. Бұл туралы yk-news.kz сайты жазды.
"Әлем" сауда үйінің әкімшілігінде бұл фактіні растады. Бірақ жауапкершілікті қажетті материалдарды сатып алып, жөндеу жұмыстарымен айналысқан мердігерге жүктеді.
"Сауда үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Еденнің қандай материалдан төселгенін анықтау мүмкін болмады оны шаң басып жатты. Оның құлпытастың бөлшектерімен төселгенін жөндеу жұмыстары аяқталған соң ғана белгілі болды" - деді сауда үйінің әкімшілігінде.