Құлаған ұшақтың нақты себебін анықтауға бір жылдан артық уақыт кетуі мүмкін

10 Қаңтар 2020, 16:10
19980
Бөлісу:
Құлаған ұшақтың нақты себебін анықтауға бір жылдан артық уақыт кетуі мүмкін
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағы апатының авиакатастрофалармен ұқсастығы бар екенін айтты. 


Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәжілісінде Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко осылай деп мәлімдеді.
Күшейтілген режимде жұмыс істелініп жатқанына қарамастан, әлемдік тәжірибе мұндай тергеудің ұзақ уақыт алатынын көрсетеді. Авиациялық оқиғаларды тергеу бірнеше айға созылуы мүмкін. Тіпті кей жағдайда бір жылдан асуы мүмкін, - дейді Виктор Сороченко.

Оның айтуынша, мемлекетаралық авиациялық комитет оқиғаны тергеуге белсене қатысып, әріқарай жалғастырды.
Мамандар тобы келіп, алғашқы күннен бастап тікелей комиссия құрамында жұмыс істеді. Сонымен қатар, Мәскеуде МАК-тың осы тергеуге ғылыми - техникалық қолдау көрсететін жетекші мамандардан жасақталған жұмыс тобы құрылды, - дейді комитет басшысы.
Комиссия жұмысының және мемлекетаралық авиациялық комитет жұмысының бір бағыты Fokker – 100 типті әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалармен салыстыра отырып, талдау жасау. Осы авиациялық оқиғалардың кейбірі ерекше назар аудару мен талдауды талап етеді. Атап айтқанда, 2007 жылы Францияда және 1997 жылы Югославияда болған авиациялық оқиғаларды айтуға болады. Бұл екі апаттың Алматыдағы оқиғаға ұқсастықтары бар, - дейді Виктор Сороченко.

Айта кетейік,  27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Алматы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшпақ болып, әуежайдан шамамен екі шақырым жерге құлаған болатын. Ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты. Мемлекет башсысы 28 желтоқсанды  Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.
Өзгелердің жаңалығы