Бас жаңалықтар
Quiz on Korea. Елшілік қазақстандықтар арасында интеллектуалды сайыс өткізді
PHOTO
01 Қазан 2021, 18:45 275

Quiz on Korea. Елшілік қазақстандықтар арасында интеллектуалды сайыс өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі Корея туралы «Quiz on Korea» викторинасын өткізді. 

Бүгін 3 қазанда атап өтілетін Корея Ұлттық күні қарсаңында викторинаның жеңімпаздары анықталады.

Викторина сұрақтары Кореяның мәдениеті, дәстүрі, тарихы, асханасы, корей тілі жайындағы түрлі тақырыптарға арналды.


Бұл іс-шара Корея елшілігінің Қоғамдық дипломатиясы (рublic diplomacy) аясында ұйымдастырылып, оны Friends of Korea қауымдастығы жүзеге асырды.

Айта кетсек, онлайн викторина 6-24 қыркүйек аралығында өтті. Жоғары ұпай жинаған 30 үздік қатысушы финалдық турға жолдама алды. 


Қатысушыларды Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза қарсы алды.

Викторинаға қызығушылық өте жоғары болғанын байқадым. Оған шамамен 350 адам қатысты. Барлығының пандемиядан шаршағанын білеміз. Сол себепті бүгінгі кеш көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін, - деді дипломат.
Іс-шараның ашылуында Ку Хонг-сок мырза қазақстандықтар Корея жайында көп біле бермейді деп ойлағанын айтты.
Шынымды айтсам, қатысушылардың Корея жайында білімі терең екеніне күмәнмен қарадым. Дегенмен олардың жинаған ұпайларына қарап, ойым өзгерді. Алғашында қазақстандықтардың тек корей дорамасы, K-pop туралы біледі деп ойладым. Барлығыңызға Корея Республикасына қызығушылық, жылы лебіз танытқандарыңызға рахметімді айтамын. Бүгін бұл іс-шараға жолдасыммен келдім. Біз үнемі сауда үйін, базарды аралағанда Кореядан келгенімізді естігенде жылы шырай танытады, - деп атап өтті ол.
Дипломат өз атынан викторинаға қатысушыларға Қазақстанда тіркелген елшіліктердің қайсысы бірінші болып вакцина салдырғаны туралы сұрақ қойды.


Еске сала кетейік, 3 қазанда Кореяның құрылған күні атап өтіледі.

Викторина соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұл конкурсқа Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алды. Іректеу кезеңінде қатысушылар Корея жайында 10 сұраққа жауап берді.


Ал қазір қатысушылар топтарға бөлініп, қойылған сұрақтарға бірге жауап береді. Үздік бір топтың ойыншылары финалға жолдама алып, өз араларында білімдерін сынайды.


Фото: автордан
Загрузка...