Алматы облысында құдыққа құлап, қаза тапқан баланың өлімі тексерілуде

21 Қаңтар 2020, 18:02
1964
Бөлісу:
Алматы облысында құдыққа құлап, қаза тапқан баланың өлімі тексерілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында құдыққа құлап, қайтыс болған 8 жасар баланың өлімі тексерілуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары ҚР ҚК 371-бабы 2-тармағына сәйкес абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық бойынша жүргізілуде. Тергеу амалдарын Жамбыл аудандық полиция қызметкерлері жүргізуде, сонымен қатар ол облыстық департаменттің бақылауына алынды, - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, оқиға 19 қаңтарда болған. 2012 жылы туған 8 жасар ұл бала Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының шетінде ойнап жүріп, суы бар ашық құдыққа құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапқан. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бала қақпағы жоқ, тереңдігі 2 метр жұмыс істемей тұрған ескі су құбырына құлап кеткен.

Өзгелердің жаңалығы