ҚТЖ жаңа байланыс орталығын ашты

15 Қаңтар 2019, 18:36
2681
Бөлісу:
ҚТЖ жаңа байланыс орталығын ашты

Астана, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы - «KTZ Express» АҚ клиенттері енді 8 (7172) 399-111 телефоны бойынша офиске келмей-ақ тасымалдау мерзімі мен көрсетілетін қызмет параметрлерін нақтылауға, тасымалдауды ұйымдастыру бойынша баламалы шешімдерді талқылауға, тарифті есептетуге тапсырыс қалдыруға және де кеңесуге  мүмкіндік алды.

Байланыс-орталығы тек ТМД елдері мен Қазақстанның  ғана емес, сонымен бірге Еуропалық Одақ мемлекеттерінің және Қытай  жүк жөнелтушілерінің өтініштерін телефон арқылы қабылдай алады. Ақпараттық қолдауды қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізу қамтамасыз етілген.

Байланыс-орталығы сондай-ақ «KTZ Express» АҚ корпоративтік сайты арқылы келіп түскен рекламациялар мен тапсырыстарды өңдеуге мүмкіндік береді. Соғылған қоңырауларды өңдеуден өзге байланыс-орталығы пайдаланушылар өтініштері бойынша кері байланыс орнату мақсатында кері қоңырау соғуды да жүзеге асырады.

Барлық өтініштер басымдықтарды ескере отырып жүйе құрған бірыңғай кезек бойынша өңделеді.

Қызметті тұтынушылардың тәулікбойғы, кедергісіз, мамандардың кәсіби қолдауы мен кеңесіне жедел қолжетімдігі Компанияның клиенткемойынбұру деңгейін арттырады, көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етеді. 
Өзгелердің жаңалығы