ҚР Қорғаныс министрі локальді соғыс ардагерлеріне алғыс білдірді

7 Сәуір 2019, 16:42
2856
Бөлісу:
ҚР Қорғаныс министрі локальді соғыс ардагерлеріне алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев локальді соғысқа қатысушылардың ерен еңбегі жайлы айтып берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құрметті ардагерлер – локальді соғысқа қатысушылар! Бүгін біз 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алудамыз. Барлық тарихи және саяси қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жауынгерлеріміздің ерліктері мен батылдықтарының нышаны болған және бола беретін соғыс аяқталды. Әрқайсысыларыңыз өліммен бетпе-бет келіп, қасқайып тұрып, өз әскери борыштарыңызды лайықты түрде орындадыңыздар", - деді Нұрлан Ермекбаев

Министрдің сөзінше, ерлік туралы үнемі айту қажет. Себебі, оны соғыс және бейбіт күндері айтатын уақыты және орны бар. 

"Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі жүрегімізде сақталады. Душанбеде қаза болған қазақстандық əскери қызметшіл ердің құрметіне орай ескерткіштің ашылуы соның жарқын үлгісі болып табылады. Маған локальді соғыстардың біріне қатысушы ретінде куəгер болу мүмкіндігі берілді.1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында 7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды. Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлеріміз өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл қантөгіс ұрыста 17 жауынгер қаза тапты, 33-і жарақат алды", - деп баяндады ол. 

Қорғаныс министрі локальді соғысқа қатысқан ардагерлерге тілегін айтты.

"Құрметті локальді соғысқа қатысқан ардагерлер Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін сарқылмас күш-қуат тілеймін. Небір қиындықтарды бастан кешірген локальді соғысқа қатысқандар бүгінде жойқын күш болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Өзгелердің жаңалығы