ҚР ИИДМ басшысы халық алдында есеп берді

13 Маусым 2019, 19:51
2149
Бөлісу:
ҚР ИИДМ басшысы халық алдында есеп берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайынғы есеп беру кездесуінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр министрліктің ең өзекті жұмыс процестері туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады, сондай-ақ еліміздің азаматтарын қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Министрліктің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Роман Склярдың баяндамасындағы басты екпіндердің бірі осы жылдың өсуінің негізгі драйвері - "қарапайым заттар экономикасы" салаларын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жасауы болды. Мәселен, бағдарламаға бөлінетін 600 млрд теңгенің 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Бұл қазақстандықтардың күнделікті қолданатын 250-ге жуық өнеркәсіптік тауарлар өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай бизнесті жеңілдетілген қаржыландыру шамамен 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, салық түсімдерінің 1,1 трлн-ға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, "қарапайым заттар экономикасы" өнім импортының үлесін 59%-дан 37%-ға дейін төмендетеді.

ҚР ИИДМ басшысы халық алдында есеп берді

"Экспортты дамыту және ілгерілету мақсатында қазіргі уақытта отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың түрлі қаржылық және қаржылық емес шаралары көрсетіледі. Жыл сайын 40-тан астам экспорттаушы қаржылық және 400-ден астам экспорттаушы сервистік қолдау алады. Сонымен қатар, 2019 жылы алғаш рет экспорттаушыларға дайын тауарларды экспорттау кезінде көлік шығындарын өтеу қарастырылған. Ірі өткізу нарықтарынан алшақтықты ескере отырып, тауардың өзіндік құнындағы тасымалдау үлесі 30%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды, бұл экспорттық нарықтардағы бағалық бәсекеге қабілеттілікке елеулі әсер етеді. Мәселен, өнімді темір жол және автомобиль көлігімен тасымалдау үшін шығындарды өтеу көзделеді. Тұтастай алғанда, экспорттаушыларды қолдаудың қабылданатын жүйелік шаралары 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Роман Скляр "Нұрлы жол" бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді. Мемлекеттік бағдарламаның басынан бастап автожол саласы саласында республикалық маңызы бар 2,4 мың км автожол салынды және қайта жаңартылды. Биыл 4,4 мың км қайта жаңартумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша 641 км қайта жаңартылған жолда қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Республикалық маңызы бар 1,5 мың км автожолды жөндеумен қамту көзделген. Азаматтық авиацияда көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалады. 2018 жылы транзиттік жолаушылар саны 900 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. 2020 жылы транзиттік авиажолаушылар саны 1,6 млн адамды құрайды.

ҚР ИИДМ басшысы халық алдында есеп берді

"Сондай-ақ, ҚР ИИДМ басшысы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіндегі негізгі көрсеткіштер туралы атап өтті. 2018 жылы 12,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 2017 жылғы деңгейге қарағанда өсім +12,1% құрады. Биыл 13,0 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады. Жыл басынан бері 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй нысандары пайдалануға берілді. Көпбалалы отбасылар үшін 7 жылға жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 350 млрд теңге қарастырылған. Осы кезең ішінде жыл сайын 6 мың жалға берілетін пәтердің құрылысы қамтамасыз етілетін болады", - деп хабарлады министрлікте. 

Мамыр айында әкімдіктер көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй бере бастады. Қосымша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы аз қамтылған көп балалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды жылдық 2%-бен несиелеу енгізілуде. Бұл жыл сайын 6 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы