Елімізде қой шаруашылығы мамандығының II съезі өтіп жатыр

29 Тамыз 2019, 12:15
4324
Бөлісу:
Елімізде қой шаруашылығы мамандығының II съезі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында Қазақстан Қой шаруашылығы мамандарының съезді өтіп жатыр.

Съезд ұйымдастырушылары Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты және оның филиалы – қой шаруашылығы ҒЗИ, қой шаруашылығының республикалық палаталары болып табылады.

Съезде қой шаруашылығының қазіргі күй-жайы, қазіргі таңдағы салалық жетілмеген мәселелерді толықтай жан-жақты талқылануда. Сонымен қатар, келешекте қой шаруашылығын дамытуға Қазақстанның мемлекеттік қолдау жөнінде нақты ұсыныстар әзірленбек. 

IMG_20190829_120306.jpg

Съезд аясында "қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының даму тенденциялары мен перспективалары" ғылыми-практикалық конференциясы, қой мен ешкілердің отандық және шетелдік тұқымдарының, технологиялық жабдықтары мен ветеринариялық препараттардың көрмесі, асыл тұқымды малдардың аукционы, теңдестірілген азықтың рационын құру, қойларды бағалау және қырқу бойынша мастер-кластар ұйымдастырылды. 

IMG_20190829_120238.jpg

Съезд жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің, Алматы облысы мен Жамбыл ауданы әкімдіктерінің, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) өкілдері, Франция мен Ресейден келген шетелдік сарапшылар, фермерлер қатысып жатыр.

Бұған дейін елімізде тұңғыш рет Алматы облысындағы Мыңбаев ауылында асыл тұқымды қойлар аукционда сатылып жатқаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы