Жазғы маусымда қосымша пойыздар қатынайды

13 Маусым 2019, 11:53
2152
Бөлісу:
Жазғы маусымда қосымша пойыздар қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз маусымында қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл туралы Ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз орталығы хабарлады.

№201/210 «Алматы – Түркістан» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызы 13 маусым мен 30 тамыз аралығында аптасына екі рет жүреді.

№207/208 «Алматы – Шымкент» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызы 13 маусым мен 30 тамыз аралығында аптасына екі рет жүреді.

№205/206 «Маңғыстау – Бейнеу» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін күнара қатынайды.

Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап тамыздың 30-ына дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан – Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, ертерек жол жүру билеттерін алуды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы