Қостанайдағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр

10 Мамыр 2022, 11:05
2318
Бөлісу:
Қостанайдағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда тұрғын үй секторындағы өрттен бірнеше үйелмен зардап шекті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 мамыр кешкі 17.23 шамасында Қостанай қаласы Набережная көшесіндегі тұрғын үй секторында өрт тұтанған.

Әуелі қала шетінде Тобыл өзенінің бойында қамыс жанып, бір сәтте отқа оранған.

Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңдағы үйлерге тарап, көше бойындағы жеке сектордың ауладағы құрылыстарын шарпыды.

Өрт 1000 шаршы метр аумақты қамтып, өрттің салдарынан 11-ден астам тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылыс және 4 автокөлік (оның ішінде 2 жүк көлігі), сонымен қатар 2 тұрғын үй ішінара зардап шеккен. Жанған қамыстың аумағы 1,5 гектардан асты.

Өртті сөндіруге күшті жел мен қою түтін, сондай-ақ бір-біріне жақын орналасқан тұрғын үйлер мен аула құрылыстары кедергі болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ,

Набережная көшесі бойынша 25 адам (оның ішінде 5 бала) эвакуацияланды.

Қостанай қаласының әкімдігі тұрғындарды қоныстандыру үшін «Достық» профилакторийінде уақытша пункт дайындады.

Өрт 20:15-те ауыздықталып, 21:24-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД күш-құралдары жұмылдырылды (14 техника және жеке құрамнан 85 адам).

Өрттің шығу себебі және залалы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы