Қостанайда өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарған

14 Маусым 2019, 12:55
1924
Бөлісу:
Қостанайда өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарған
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 18 жыл ішінде Қостанай өңірінде тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарған. Бұл жөнінде медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау салтанатында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты. 

«Өңірдегі 495 денсаулық сақтау нысанының 95%-ы интернет желісіне қосылған. Жүз мыңнан астам қостанайлық DamuMed смарт-қосымшасын қолданады. Бұл медицина қызметін жеделдетуге себеп болып отыр. Соның нәтижесінде облыста демографиялық көрсеткіштер де жақсарды. Мәселен, 18 жыл ішінде орташа өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарып, 72,3 жасқа жетті», - деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанайда өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарған

Әкім медицина мамандарына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жөнінде де айтып өтті.

«Осы жылдың 1 маусымынан бастап, денсаулық сақтау қызметкерлерінің айлық табысы 30%-ға көбейтілді. Сондай-ақ, өңірге жас кадрларды тартуға ерекше назар аударылуда. 2018 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 101 маман келіп, оларға 57 млн теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетілді», - деді өңір басшысы.

Қостанайда өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарған

Қазір ауылдарға барғысы келетін 90 дәрігерге облыс бюджетінен 135,6 млн теңге қаралып отыр. Әрқайсына 1,5 млн теңгеден көтерме қаражат берілмек. Сонымен бірге, қалаға жұмысқа тұратындарға демеушілерден түскен 100 млн теңге үлестіріледі. «Дипломмен ауылға» және «Еңбек» бағдарламалары аясында тағы 50 маман келеді деп жоспарланған. Сөйтіп, өңірдің денсаулық саласы 300 қызметкермен толығады.

Қостанайда өмір сүру жасы 7,5 жылға ұзарған

Осындай жетістіктерді тілге тиек еткен әкім дәрігерлерге түрлі марапаттарды табыс етті. «Еңбек ардагері» медалі 6, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі 8 дәрігерге тағылды. Соныман қатар, бірқатар дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы