Найзағай, дауыл, тұман, бұршақ – Қостанайда дауылды ескерту жасалды

27 Маусым 2020, 15:48
1800
Бөлісу:
Найзағай, дауыл, тұман, бұршақ – Қостанайда дауылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты "Қазгидромет" РМК бірнеше облыста дабылды ескерту жасады.

Петропавл қаласында күндіз 28 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Тәулік бойы 28 маусымда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.       

28 маусымда Қостанай облысының күндіз кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз 28 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%. 

28 маусымда Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, шаңды дауылмен сақталады. Таңертең және күндіз кей жерде найзағай күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.

Көкшетау қаласында күндіз 28 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.


Өзгелердің жаңалығы