Қостанай мерекеге орай велошеру өтті
PHOTO
7 Мамыр, 16:13 722

Қостанай мерекеге орай велошеру өтті

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қостанайда Отан қорғаушылар күні мен алдағы Ұлы Жеңіс мерекесіне орайластырылған дәстүрлі велошеру өтті.

Үш жүзден астам велошабандоздың басын қосқан шеруге Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара қалалары  мен облыстың ірі ауыл шаруашылық және өндірістік өнеркәсіп орындарының мамандарынан жасақталған құрама командалар, көршілес облыстардан келген балалар мен жасөспірімдердің велоспорттық мектептерінің шәкірттері, мемлекеттік және әскери қызметкерлер қатысты. 

Шеруге қатысқандардың ішінде ең жасы - 10 жасар Қанат есімді жас шабандоз болса,  алдыңғы толқын аға буының жасы алпыстан асқан ақсақал.

Біз велошеруді  облыс әкімдігі алдындағы алаңнан бастадық. Шерудің жалпы арақашықтығы 15 шақырым. Велошабандоздар Қостанай көшелерімен жүріп өтіп, көршілес жатқан Тобыл қаласына беттеді. Одан кейін Әулиекөл ауданына апаратын республикалық маңызы бар  тас жол арқылы  Қостанай қаласының «Темір бетондар өнімі» аталып кеткен шағын аудандағы, Тобыл  өзенінің жағалауында орналасқан  «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» саябағында аяқтадық. Ол жерде шеру маунтинбайк бойынша жыл сайынғы республикалық көпкүндік жарыстың ашылуына ұласты, - дейді шеруді ұйымдастырушылардың бірі Қостанай қаласындағы Қ.Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектеп директорының орынбасары Наталья Сухачева.

Веложарыс аясында  КСРО, ХДСШ чемпионы Валентин Бобылевті еске алуға арналған маутинбайк бойынша дәстүрлі республикалық көпкүндік «Чемпиондар мемориалы»  веложарысының салтанатты ашылуы өтті.

Мен өзім спорт саласында жүргендіктен осы шеруге тұрақты түрде қатысамын. Ең басты мереке күндері бұқаралық сыйпатқа ие спорт түрлерінен осындай ауқымды шараларды жиі өткізу керек , - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Ғумар Абзулинов.


Фото: автордан
Загрузка...