Бас жаңалықтар

Қостанай облысында пара алған бірқатар полиция басшылары ұсталды

Астана, baq.kz тілшісі. Қостанай облысында пара алған бірқатар полиция басшылары ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті.

Оның айтуынша, Қостанай облысы Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті деп танылған.

«2018 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы адамдардан 1,5 млн теңге сомасында пара алу барысында ұсталды. Күдіктілер бағынышты қызметкерлеріне бұрын үстемақы ретінде төленген ақша қаражатына заңсыз алым-салықты іске асырған», - деді Арман Бердалин брифингте.


  Сонымен қатар ол 2018 жылдың 22 желтоқсанында Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен бөлім бастығы қамауға алынғанын атап өтті.


«Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығына қатысты үй қамақ түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді департамент директоры.

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада комитет төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталғанын, ІІМ-де лауазымды қызметкерлер $24 900 көлемінде пара алғанын, әрі Түркістан облысында кәсіпкерлерге «қамқорлық көрсеткен» лауазымды тұлға ұсталғанын жазғанбыз.
Загрузка...