Бас жаңалықтар
Қорғаста 4 центнерге жуық иесіз жүк табылды
12 Наурыз 2019, 08:35 846

Қорғаста 4 центнерге жуық иесіз жүк табылды

Астана, BAQ.KZ. Кеше таңертеңгі сағат 9.30 шамасында Қорғас шекаралық бақылау бекетінде иесіз жүк табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.


«Кеше сағат таңертеңгі 9.30 шамасында Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан шекарашылар кеденшілермен бірге 4 центнерге жуық иесіз жүк – Қытайда шығарылған халық тұтынатын тауарлар тауып алды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кешкілік, сағат 19.20-ларда Орталық аумағынан қайтып, шекаралық және кедендік тексеруден өтіп болған 29 жастағы қазақстандықтан шекарашылар заңсыз жүк – 146 кг қытайлық дәрі-дәрмек тауып, актімен «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырды.

Сізден жаңалық