Қорғаныс министрлігінде бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр
PHOTO
12 Мамыр, 14:15 355

Қорғаныс министрлігінде бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған дәстүрлі бокс турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

25-ші мерейтойлық турнирдің ашылу рәсіміне Олимпиада чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының бастығы Ольга Шишигина мен Ермахан Ибрагимов қатысты.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің ашылуында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Бұл ұлы, құрметті адам туралы жақсы естелік әрқашан біздің жадымызда сақталмақ. Жанкүйерлер тартысты жекпе-жекті тамашалап, нағыз мықтылар жеңіске жетсін! – деді Ольга Шишигина. 

Аталған турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысты. Ақтық жекпе-жек және жабылу рәсімі 15 мамырға жоспарланып отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...