Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы уақытша жабылды

1 Мамыр 2022, 13:33
1655
Бөлісу:
Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қабанбай батыр даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 1-2 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Қорғалжын тас жолы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген басқарма хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы