Бас жаңалықтар
Бізде Қордайдағы жағдай қайталанбас үшін шара қолдандық – Сағынтаев
19 Ақпан 2020, 13:46 229

Бізде Қордайдағы жағдай қайталанбас үшін шара қолдандық – Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі есептік кездесуінде Қордайдағы жағдайға тоқталып, қаладағы кейбір сауда орындарының неліктен жабылғаны жөнінде айтты.

Қордайдағы жағдай туралы ақпарат келісімен Алматыдағы барлық қызметтер күшейтілген қызметке көшті. Оның ішінде құқыққорғау органдары және әкімдік қызметтері. Түнгі 12-ден кейін қаладағы базар қожайындары мен директорлары шақырылды. Оларға жағдайды түсінідіріп, таңертең базарлардың бәрін ашпауды ұсындық, өйткені бұл үлкен қатер. Өйткені бұл базарларда ұлты дүнген азаматтар көп жұмыс істейді, - дейді әкім. 

Оның айтуынша, сенбі, жексенбі нағыз сауда күні болғанына қарамастан базар басшылары сауда орындарын ашпауға келіскен. Мұның барлығы қауіпсіздік үшін жасалған.

Бұл дұрыс шешім болды. Өйткені таңертең жастар осы базарларға көптеп жиналды. Тәртіп сақшылары оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тарқатты. Сондай-ақ, барахолка маңындағы ықшамаудандар да қоршауға алынды. Біз Қордайдағы жағдайды көрдік және оның бізде қайталануына жол бермеуге тырыстық, - деді Сағынтаев.

Еске салсақ, 7 ақпанда Қордай ауданыда қазақ-дүңген қақтығысы болып, 11 адам қаза тапқан еді. Осы жағдайдан кейін Алматыдағы Ялян, Байсат және тағы бірнеше сауда орындары жабылған еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...