Бас жаңалықтар
Қордайда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды
24 Сәуiр 2019, 20:58 517

Қордайда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында орын алған ірі жол-көлік оқиғасы кезінде аударылған автобустың жүргізушісі қамаққа алынды. Полиция қызметкерлері 44 жасар азаматты Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына жапты.

Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше, ол Қылмыстық Кодекске сәйкес оқиға тіркелген күннен бастап, күдікті болып саналды. Қазір тәртіп сақшылары тергеп-тексеру шараларын мұқият жүргізуде.

"Қордай аудандық сотының шешімімен күдікті екі ай мерзімге дейін қамауда болады. Өйткені, автобус көлігінің жүргізушісі арнайы бөгетті көре тұра жылдамдығын бәсеңдетуі керек еді. Немесе тежегішін басып, бөгетті айналып өту керек болатын. Яғни, жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмаған. Нәтижесінде, жолаушыларға толы көлік жол шетіне шығып кетіп, аударылып кеткен", - деді облыстық ІІД тергеу басқармасы басшысының орынбасары Жарасхан Ақбердиев.

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні таңғы 5.00 шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы-Ташкент автожолының 181-шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан болатын. Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Дәл осы жол көлік оқиғасы кезінде 11 адам оқиға орнында қаза тапқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық