Бас жаңалықтар
Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық – Хабиб Нурмагомедов
VIDEO
05 Шілде 2020, 17:02 228

Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық – Хабиб Нурмагомедов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы - дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовтың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады РИА Новости.

Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Ал мұны ескеру өте маңызды, - деді спортшы. 

Сондай-ақ, ол Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. 

Бұл біздің халықты біріктіретін әрекет болсын. Бізді қолдағаныңызға көп рақмет, - деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, 4 шілде күні желіде Нурмагомедовтың жерлеуіне қатысқан Қадыровтың видеосы таралды. Шешенстан республикасының басшысы қатысушыларға, соның ішінде, Хабиб Нурмагомедовке көңіл айтты.



Фото: дереккөз
Загрузка...