Бас жаңалықтар
Қоғамдық бақылау: "Вирус добра" акциясына әрбір қазақстандық атсалыса алады
14 Шілде 2020, 17:18 210

Қоғамдық бақылау: "Вирус добра" акциясына әрбір қазақстандық атсалыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі "Атамекен" ҰКП бірлесе отырып "Вирус добра" республикалық акциясын бастады. 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі парақшасында жазды.

Акцияның мақсаты - коронавирустық инфекцияға қарсы күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге қаражат жинау, сонымен қатар дәрі-дәрмекпен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.

Жоба аясында қазақстандық ауруханаларға дәрі-дәрмек, өкпені желдету аппараты, аппарат контурлары, оттегі концентраты, тасымалдауға болатын рентген-аппарат және қорғаныш костюмдерімен қамту арқылы қолдау көрсету жоспарланып отыр. Әрбір адам акцияға қатыса алады. Акцияға қолдау білдіргісі келетін кәсіпкерлер ақшалай қайырымдылық жасау, өз өнімдерін немесе қызметтерін ұсыну, жеңілдік беру, волонтерлық көмек көрсету және т.с.с. қолдау білдіре алады, - делінген жазбада.

Айта кетейік, қоғам белсенділерінің бастамасымен құрылған Қоғамдық бақылау республикалық тобы гуманитарлық көмектің алушыларға дейін жеткізудің ашықтығын қамтамыз етеді.

Қаражат жинауға арналған шот:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5 үй
БИН 180540015308
ИИК KZ076018821000192561
БИК HSBKKZKA
КНП 119 - ақшаның ақысыз аударымдары

www.atamekenim.kz сайтында онлайн режимде волонтер қатарына қосылып, ақшалай қаражатты аударуға болады ("Көмек көрсеткім келеді" батырмасын басу қажет). Жиналған қаражат туралы барлық мәлімет күнделікті сайтқа жарияланатын болады. "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігінің байланыс нөмірлері: call-орталық 1432, whatsapp +7 (776) 333 77 66.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...