Қазығұрт ауданында тергеуші көршісін өлімнен алып қалды

2 Сәуір 2019, 21:00
2896
Бөлісу:
Қазығұрт ауданында тергеуші көршісін өлімнен алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тергеуші өмірімен қоштаспақ болған тұрғынды құтқарып қалды. Ол өз үйінде асылып өлмек болған ер азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істеген, деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін түнде шамамен сағат 1:30-да орын алған.

«Қазығұрт АПБ полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаевтың үйіне көршісі күйеуім асылып қалды деп айқайлап жүгіріп келеді. Полиция қызметкері уақыт жоғалтпай шұғыл әрекет ету арқылы жіптен ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келгенше алғашқы көмекті көрсеткен. Содан кейін тергеуші болған оқиға туралы АПБ кезекші бөліміне хабарлады», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта өз-өзін өлтіруге әрекеттенген тұрғын аудандық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер оның хал-жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.

Облыстық полицейлер ер азаматтың не себепті өмірімен қоштаспақ болғанын анықтауда.



Өзгелердің жаңалығы