Бас жаңалықтар
QazVас қандай штамдарға қарсы тұра алады?
27 Қыркүйек 2021, 16:48 913

QazVас қандай штамдарға қарсы тұра алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. 

Оның айтуынша, QazVac вакцинасы «дельта» штамға қарсы тұра алады және аталған штамға қарсы отандық вакцина қазан айында шығарылады.

Жүргізілген зерттеулер QazVac-тың «дельта» штамға қарсы тиімді екендігін көрсетті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында коронавирустың «уханьдық» штамын «дельта» штамына бейімдеу және алмастыру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.
Ал жуырда анықталған Eta штамына қарсы да зерттеулер жүргізіліп жатқан көрінеді.
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ Eta штамының патологиялық материалдарын алып, екі апта бойы осы штамға зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. QazVac-тың Eta штамына қатысты тиімділігі бағаланады. Бұл еліміздің халқын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар шеңберінде жүргізіледі, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов Қазақстанда медициналық бұйымдарды сынақтан өткізетін орталықтың бой көтеретіндігі туралы айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...