QazVac вакцинасының бір айлық дозасы 750 мыңға дейін ұлғайтылады

27 Қыркүйек 2021, 16:13
9232
Бөлісу:
QazVac вакцинасының бір айлық дозасы 750 мыңға дейін ұлғайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. 

Оның айтуынша, өткен айда QazVас вакцинасының 650 мың көлеміндегі дозасы өндірілген көрінеді.

Тамыз айында QazVac вакцинасының 650 мың дозасы өндірілді. Осы айда 750 мың дозасын жеткізу күтіліп отыр. Барлық өндірістік алаң дайындалды, Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыттың толықтай дайындығы қамтамасыз етілді. «Антиген» кәсіпорнының базасында QazVac вакцинасы шығарылымының толық циклімен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының екінші өндірістік алаңы іске қосылды, - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов елімізге Pfizer вакцинасының жеткізілу мерзімі туралы айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы