Енді "Қазпошта" қызметкерлері зейнетақыны үй-үйге жеткізеді

7 Сәуір 2020, 16:15
2866
Бөлісу:
Енді "Қазпошта" қызметкерлері зейнетақыны үй-үйге жеткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңдағы "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде жәрдемақы және зейнетақыны беру туралы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте айтып берді. 

Карантин кезінде барлық зейнеткер үйлерінде отырып, зейнетақыларын ала алады.

Қазір қозғалыстың шектелуіне байланысты бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақыға келетін барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақыларын үйлеріне жеткізудеміз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп беріп жатырмыз, - деді төраға. 
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіткен. Сол кесте бойынша бүгінгі күні 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақылары жеткізілген.
6 мыңға жуық зейнеткерді төлем карталарына көшірдік. Біздің зейнетке шыққан клиенттеріміздің қатарында карантин біткен соң зейнетақыларын бөлімшеге келіп алғылары келетіндер де бар. Біз олармен үнемі байланыста боламыз, - деді Сәкен Сәрсенов.  
Сонымен қатар, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов зейнеткерлерге еш алаңдамай, карантин біткен соң зейнетақыларын өздері келіп, ала алатынын айтты.

Бұған дейін Сәкен Сәрсенов Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин режимі басталғалы пошта және қаржылық қызметтерін ұсынуды тоқтатпағананын айтты.

Өзгелердің жаңалығы