Қазнетте несиелерді өтеу туралы ескі фейктер тағы да таралуда 

9 Қаңтар 2022, 12:00
1184
Бөлісу:
Қазнетте несиелерді өтеу туралы ескі фейктер тағы да таралуда 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банктік қарыздары толық өтелетіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл жалған, деп хабарлады Stopfake.kz.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі несиелік рақымшылық жасау туралы ақпаратты жоққа шығарды, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Қазнетте несиелерді өтеу туралы осындай ақпарат кеңінен тараған болатын. 
Қазақстандықтарға 15 желтоқсанға дейін өтініш беру ұсынылды. Адамдардың көбі фейкке сеніп, Алматыдағы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына барған.

Полиция хабарлама авторын іздеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы