Ақтөбе облысында "Қазіргі заман қаһарманы" республикалық акциясы басталды

13 Қараша 2019, 13:25
4856
Бөлісу:
Ақтөбе облысында "Қазіргі заман қаһарманы" республикалық акциясы басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында осы жылы қызмет барысында ерлігімен ерекше көзге түскен республикамыздың ең үздік 14 полиция қызметкерлерінің қатысуымен "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі" ұранымен "Қазіргі заман қаһарманы" республикалық акциясы басталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінде азаматтық-құқықтық көзқарас, қазақстандық патриотизм, Антқа және қызметтік борышқа адалдықты қалыптастыру және ішкі істер органдарының имиджін арттыру мақсатында 11-15 қараша аралығында Ақтөбе қаласында бейбіт уақытта ерлік істер жасаған полиция, төтенше жағдайлар бөліністерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін және ҚР Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қатысуымен жыл сайынғы "Қазіргі заман қаһарманы" атты республикалық акциясы өтіп жатыр, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

photo5359462923451345838.jpg

"Қазіргі заман қаһарманы" акциясы "Nur Otan" партиясының мәжіліс залында "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі" тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізумен бастау алды.

Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бейсеев Бақытжан Халилұлы, облыс әкімінің орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлы, ПД басшысы Арыстанов Атығай Ғазымбекұлы, облыс прокуроры Қайбжанов Марат Жолмағамбетұлы, ҰҚК өкілі Ирменов Марат Гатауллович, ІІО ардагерлері, БАҚ өкілдері мен еліміздің әр аудандарынан келген батыр-полицейлері қатысты.

Аталған іс-шара "Халық қаһарманы" полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған. Ішкі істер министрлігі бұл шараны жыл сайын өткізеді. Іс-шара ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерліктері мен батырлығын насихаттауға, олардың Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухын көтеруге, халықтың құқықтық тәртіп қызметіне деген сенімін нығайтуға және Қазақстан полициясының беделін арттыруға бағытталған.

photo5359735937342483256.jpg

ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев өз сөзінде, қазіргі заман жағдайында мемлекет пен қоғам полиция қызметкерлеріне жаңа талаптар қоятынын, бұл ретте басты нәрсе халықтың ішкі істер органдарына деген сенімі екенін айтты. Осыны ескере отырып, біз уақыт талаптарына жауап беретін қазақстандық полиция қызметкерінің жаңа келбетін қалыптастыру жөніндегі жұмысты түбегейлі қайта құруға ниеттіміз.

Осыған байланысты Қазақстан халқына жолдауды іске асыру мақсатында "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ", қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру", жол картасын жүзеге асыру, ҚР ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған идеологиялық және тәрбие жұмысының" жоспарын бекітті.

Президент өзінің "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында: полиция бейнесі мемлекеттің күш құралы секілді, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін орган болатынын атап өтті.

Бақытжан Халилұлы өз сөзінде, Ішкі істер органдарын жаңғырту мақсатында Жол картасын іске асыру аясында онлайн – талқылау үшін порталда полиция қызметкерлерінің стандарты жарияланғаны жайында атап өтті. Барлық енгізілген ұсыныстар мен тілектерді біз оны бекіту кезінде ескереміз.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан реформалардың басты сәті ретінде полицияның қоғаммен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің өзгеруін "сервистік модельге" көшу деп атауға болады. Біз адам құқықтарының сақталуын ескере отырып, полиция жұмысының стандарттары мен алгоритмдерін қайта қарап жатырмыз. Біз полицияның ашық болғанын қалаймыз. Қазір барлық жерде азаматтарды ашық түрде қабылдауда 239 фронт-кеңсе жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Кездесу талқылау форматы негізінде қатысушылар арасында ашық пікір алмасу түрінде өтті.

"Дөңгелек үстел" соңында жергілікті атқарушы органдардың, күш құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Батыр полицейлер Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін №21, 60, 10, 40 мектептері мен Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесіп, олар онда өздерінің күнделікті жұмысы және қызмет атқару кезінде қандай қиындықтарға тап болатыны туралы әңгімеледі. Оқушыларға полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың адамдарды құтқару сәттерінің бейне роликтері көрсетілді.

Оқушыларда бейне роликтердің көрген соң, қызығушылық пайда болып, батыр-полицейлерге "Ерлікке барарда не ойладыңыз? Қорықпадыңыз ба?" деген сауалдар қойылды.

photo5359462923451345837.jpg

Сонымен қатар, акцияға қатысушылар Алға ауданына барып, аудан әкімімен, оқушылармен және аудан халқымен, ардагерлерімен кездесу өткізді. Алматы қаласы Полиция департаментінің ансамблі аудан тұрғындарының алдында өз өнерлерін көрсетеді.

Акция аясындағы іс-шаралар 15 қарашаға дейін Ақтөбе облысында жалғасады, оның барысында акция қатысушылары Хромтау мен Темір аудандарында оқушылармен, оқу орындарының студенттерімен, ардагерлермен және халықпен кездеседі.

15 қараша күні "Өнер орталығы" концерт залында салтанатты іс-шараның қорытынды бөлімі өтеді, онда Ішкі істер министрі атынан марапаттаулар мен алғыс хаттар табыс етіліп, Алматы қаласы Полиция департаменті ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы