Ақтөбеде ҚАЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

16 Ақпан 2020, 16:23
1405
Бөлісу:
Ақтөбеде ҚАЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып Шәмшиев Алмас Әбжанұлы тағайындалды. 

Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды.

Жаңа басшыны жеке құрамға және облыс әкіміне ҚР ІІМ Қылмыстық атқару-жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов таныстырды. 

Алмас Абжанов орталық аппаратта Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде көп жылдар бойы еңбек етті. Ол Қылмыстық-атқару жүйесі саласымен жақсы таныс. Себебі. Бұл бағытта 20 жыл жұмыс істеген. Осы күнге дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін жауапкершілікпен атқарып келді, - деді Есқали Саламатов.

Айта кетейік, 13 ақпан күні ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы Жанат Болатұлы Ешмағамбетов болды. 

14 ақпанда 6 өңірде - Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ҚАЖ департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы