Қызды құтқармақ болған ҚАЖ қызметкері пышақталды

12 Шілде 2019, 11:31
2721
Бөлісу:
Қызды құтқармақ болған ҚАЖ қызметкері пышақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері қызды құтқарамын деп пышақ жарақатын алды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеше түнде пробация қызмектері Гиа Баламамедов жұмыстан қайтып келе жатып, Жезқазған қаласындағы үйлердің бірінде орын алған төтенше жағдайды байқап қалған. Жақынырақ барып байқаған ҚАЖ қызметкері мас күйіндегі ер адамның белгісіз бір әйелді баласымен ұрып жатқан жерінен тез арада арашалауға кіріседі. Әйел адам баласымен ұрған соққының әсерінен темір есікке барып соғылып, жерге құлаған", - делінген таратылған хабарламада.

Дау-жанжалға дер кезінде араласқан Гиа Баламамедов әйел адамды баласымен құтқару нәтижесінде оларды аман алып қалып, өзі қаскөйдің қолынан пышақталды.

"Қазіргі кезде пробация қызметкерінің жағдайы бірқалыпты, Жезқазған қаласындағы Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған факті Жезқазған қаласы Полиция департаментінің Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген, қылмыскерге қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы