Қазгидромет Астанада аяз қатая түсетінін ескертті

2 Қаңтар 2019, 10:14
2900
Бөлісу:
Қазгидромет Астанада аяз қатая түсетінін ескертті

Астана, baq.kz. Қазгидромет 2019 жылдың алғашқы күндері Астанада аяздың қатая түсетінін хабарлады.

2 қаңтарда қалада көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік батыстан жылдамдығы 2-7 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -23-25°С, күндіз -17-19°С көрсетеді.

3 қаңтарда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -25-27°С, күндіз -17-19°С құрайды.

Өзгелердің жаңалығы