"Қазгидромет" 6 облыстың тұрғындарына дауылды ескерту жасады

3 Тамыз 2020, 19:05
1475
Бөлісу:
"Қазгидромет" 6 облыстың тұрғындарына дауылды ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

4 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.

4-5 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 4-5 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады, - делінген таратылған ақпаратта.

Жезказғанда күндіз 4-5 тамызда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

4 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Оралда 4 тамыз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с күтіледі.

Күндіз 4 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35-36 градус сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз 4 тамызда қатты ыстық 35 градус күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%.

Өзгелердің жаңалығы