ЖОО-лар мен колледждерде "Қазақтану" пәнін енгізу ұсынылды

19 Шілде 2019, 10:03
3513
Бөлісу:
ЖОО-лар мен колледждерде "Қазақтану" пәнін енгізу ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Қазақтану" - ел бірлігінің негізі" атты республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Түймебаев, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты. 

Конференция жұмысын қазақ ойшылының 175 жылдығына арналған Ұлы Абайдың шығармаларын орындау бойынша челлендж өткізілді. Елордалық этномәдени бірлестіктер "Көзімнің қарасы" әнін орындап, эстафетаны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясына тапсырды. 

Конференцияны аша отырып, Бахтияр Мәкен "Қазақтану" жобасының басты міндеттерінің бірі – жалпы мәдени код, бірыңғай құндылықтар және барлық қазақстандықтың этникалық қатыстылығына қарамастан тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту екенін атап өтті. 

"Жобаның тағы бір міндеті - өзара іс-қимыл саласын кеңейту және этностар коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, аға ұрпақ тәжірибесі мен қазақ өмірінің философиясының ғасырында қалыптасқан тәжірибесі, толеранттылық пен өзара көмек көрсету, ортақ тарихымыз негізінде бірлікті нығайту", - деп толықтырды ол.  

Елбасының Ассамблеяның 26-сессиясында көтерген "Қазақтану" ҚХА жобасы "Рухани жаңғыру" идеясын дамытып, қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын, құндылықтарын Қазақстан этностары арасында насихаттауға бағытталған. 

Сондай-ақ, конференцияға Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, елордалық этномәдени бірлестіктер, ҚХА жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. 

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды. Іс-шараға қатысушылар ЖОО-да "Қазақтану" пәнін енгізу, ҚХА мектептері мен этнолингвистикалық орталықтарында үйірмелер ашу, этностарды Қазақ қолөнері мен кәсіпшіліктеріне оқыту бойынша Достық үйлері жанындағы шеберлік-сыныптар мен курстар туралы ұсыныстар енгізді.

Өзгелердің жаңалығы