Қазақстанның ішкі сауда көлемі 7,2% өсті

10 Сәуір 2019, 18:25
2478
Бөлісу:
Қазақстанның ішкі сауда көлемі 7,2% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. I тоқсан қорытындысы бойынша ҚР Ішкі сауда көлемі 7,2% өсті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оған төмендегі сандар дәлел:

  • Жалпы ішкі өнім 3,8% өсті.

  • Жылдық инфляция 4,8% дейін төмендеді.

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7% өсті.

  • Өнеркәсіп өндірісі 3,2% өсті.

  •  Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау 10% өсті. Автокөлік өндірісі 33% өсті.

  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% өсті.

  • Көлік және қоймаландыру қызметінің көлемі 4,4% өсті.

  • Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 3,6% құрады.

  • Осы жылдың 2 айындағы сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға, оның ішінде экспорт — 11,1%-ға, импорт — 0,3%-ға өсті.

  • Ішкі сауданың көлемі 7,2% өсті.

  • Осы жылдың 2 айында екінші деңгейлі банктер берген жаңа несиелер көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл 11% көп.

  • Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді.

  • Биыл қаңтар-ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көрінісінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.

Өзгелердің жаңалығы