Қазақстанның ірі қалаларындағы сайлау процесін бақылаудамыз – ШЫҰ өкілі

9 Маусым 2019, 19:06
1683
Бөлісу:
Қазақстанның ірі қалаларындағы сайлау процесін бақылаудамыз – ШЫҰ өкілі
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды аймағында Шанxай ынтымақтастық ұйымының атынан келген байқаушылар Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына бақылау жасауда.

«ШЫҰ-ның басты міндеттерінің бірі – президент, парламент сайлауы мен референдумдардың өту барысын бақылау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен Шанxай ынтымақтастық ұйымы» атынан байқаушылар миссиясы құрылды. Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын бақылауды ұйымның айрықша миссиясы ретінде қарастырамыз. Сайлау қарсаңында көлемді жұмыстар жүргізілді. Сәуір айынан бастап сайлау алдындағы науқанды қадағаладық, бақылаушыларымыз Қазақстан аумағындағы әртүрлі елді мекендердегі сайлау учаскілерін аралады», - дейді ШЫҰ-ның Үндістаннан келген өкілі Кришна Кенгаппа.

Оның айтуынша ШЫҰ-ға мүше 7 елдің 25 бақылаушысы сайлау процесіне ат салысуда.

«ШЫҰ бақылаушылар Миссиясы штабының бақылаушылары Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Өскемен қалаларында және Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендеріндегі сайлау орындарында бақылау жүргізіп жатыр», - дейді xалықаралық бақылаушы.

Үндістандық бақылаушының сөзінше, Шанxай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар Миссиясы сайлау жайлы мәлімдемесін 10 маусым күні түске дейін Нұр-Сұлтан қаласында жасайды.

Өзгелердің жаңалығы