Қазақстанның жаңа Бас прокуроры тағайындалды

18 Наурыз 2019, 12:14
3048
Бөлісу:
Қазақстанның жаңа Бас прокуроры тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Бұған дейін бұл қызметті Қайрат Қожамжаров атқарды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ҚР Бас прокурорын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

"Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалсын", -  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов жоғарыда аталған қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы Еңбек өтілін Алматы облысы, Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған;

1997 жылдан бастап, ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар, Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы, Тергеу департаментінің бастығы лауазымында болды;

2016 жылдың қараша айынан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды;

2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды;

2019 жылдың наурыз айынан бастап, Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.

II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы