Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгерлік контингенті келе жатыр

Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгерлік контингенті келе жатыр
531

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы мен осы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, 2022 жылдың 6 қаңтарында ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась пен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті.

С.Зась Қазақстан Республикасындағы жағдай туралы айтып, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін елімізге ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгерлік күштерін жіберу туралы шешімінің қалай орындалып жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің әскери-көлік ұшақтарымен бітімгерлік күштері жеткізіліп жатыр.

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің басты міндеті маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, ҚР құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандырып, заңның үстемдік етуін қамтамасыз етуге көмектесу.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы