«Қазақстандықтарды қорқытқан сарбаз»: Видеоның ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ

7 Қаңтар 2022, 13:31
1022
Бөлісу:
«Қазақстандықтарды қорқытқан сарбаз»: Видеоның ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «қымыз ішіп отырмын», «майданшылдар керек емес» деп айтқан сарбаздың видеосы тарап жатыр. 

Бұл роликтің ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ.

Арандатушылық видеоны жариялаған кейбір Telegram-арналардың хабарлауынша, видео NEXTA арнасынан тараған. Онда бұл видео бар, бірақ оны «арандатушылар таратқан» деп жазылған.

Кейінірек арнада видеоның фейк екендігі айтылған тағы бір ақпарат шықты.

Видеодағы адамдардың ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ. Оны таратқан адамдардың қандай мақсаттарды көздегені белгісіз, – делінген мәтінде. 

«Қазақстандықтарды қорқытқан сарбаз»: Видеоның ҰҚШҰ әскерлеріне қатысы жоқ

Видеодағы сарбаздың ҰҚШҰ күштерімен келгенін растау мүмкін емес. Кадрда кейіпкердің әскери қызметші екенін дәлелдей алатын ешқандай сәйкестендіру белгілері және қайта түсірілгені көрінбейді.

stopfake.kz сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта видеоны толығымен тексеру мүмкін емес, бірақ оны манипуляция деп санауға болады. Сондай-ақ видео желіде жарияланған кезде Қазақстанға бітімгерлердің келуі туралы деректер әлі болмаған.

Өзгелердің жаңалығы