Қазақстандық жастар көбіне қандай мамандықты таңдайды?

5 Мамыр 2022, 09:00
2520
Бөлісу:
Қазақстандық жастар көбіне қандай мамандықты таңдайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министр Аймағамбетов Бүгін білім сапасы бойынша елдердің рейтингісі ретінде жиі қабылданатын зерттеу туралы жазды.

Әңгіме PISA зерттеуі туралы болып отыр.

Айтпақшы, PISA-ның көптеген рейтингтен айырмашылығы - ұпайларды ғана емес, сонымен бірге контекстік факторларды да зерттейді. Осындай факторлардың бірі – 15 жастағы оқушылардың мансаптық жоспарлары. Осы туралы қысқаша түсіндіре кетейін, - деп жазды министр.

Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.
 

Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.

Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқанын зерттеулер де көрсетті. Менің ойымша, бұл - біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады, - деді Аймағамбетов.

PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді. Бұл - «Стоматологтар» (4%), «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%), «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%), «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%), «Психологтар» (2%), «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%), «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%). Жақында мектеп түлектеріне жазған хатымда айтқан болашақ мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстарымды тағы да еске салғым келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы