Қазақстандық жас футболшы қыздар Беларусь елінде өткен турнирге қатысты

12 Мамыр 2019, 10:31
2151
Бөлісу:
Қазақстандық жас футболшы қыздар Беларусь елінде өткен турнирге қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Беларусь елінде өткен «Даму кубогы-2019» халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.  

Қазақстандық қыздар турнирде Беларусь, Әзербайжан және Фарер аралдарының жас футболшыларымен кездесті. 

Жарыстың алғашқы матчында біздің қыздар Беларусь қыздар құрамасына (U-17) 2:4 есебімен есе жіберді.
Беларусь WU-17 – Қазақстан WU-17 – 4:2 (3:0).

Голдар: Анастасия Побегайло – 23, 33, 40+1, Анна Сас 80+1 – Жасмина Алмасқызы 53, 76.

Ал екінші ойында Фарер аралдарын 2:0 есебімен жеңді. 

Фарер аралдары WU-17 – Қазақстан WU-17 – 0:2 (0:1).

Голдар: Жасмина Алмасқызы – 27, Бибігүл Хасенова – 78.

Соңғы, үшінші кездесуде әзербайжандық футболшылардан пенальти сериясында ұтылды.  

Қазақстан WU-17 – Әзербайжан WU-17 – 0:0 (0:0). ПС – 3:4.

Пенальти сериясы: Алена Иванова (1:0), Семанур Арзик (1:1), Ольга Плотникова (1:1), Алина Нахмадова (1:2), Жасмина Алмасқызы (2:2), Нисрине Зериоул (2:3), Сабина Елубаева (3:3), Ламина Ализада (3:4), Камила Совет (3:4).  

Өзгелердің жаңалығы