Бас жаңалықтар
Қазақстандық рефери Эльвира Нұрмұстафина Еуропа чемпионатының матчында бас төреші болады
19 Шілде 2019, 19:45 181

Қазақстандық рефери Эльвира Нұрмұстафина Еуропа чемпионатының матчында бас төреші болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық маман Англия – Испания матчының бас төрешісі болып бекітілді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Шотландияда 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2019 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі өтіп жатыр. Соның аясындағы Англия мен Испания құрамаларының кездесуінде жұмыс істейтін арбитрлардың бригадасы белгілі болды, деп жазады Sports.kz.

Матчтың бас төрешісі болып отандасымыз Эльвира Нұрмұстафина тағайындалды. Оған қапталдағы төреші ретінде румыниялық Александра-Теодора Апосту мен швециялық Камилла Стендаль көмектеседі. Резервтегі төреші ретінде Болгария маманы Христиана Гутева таңдалды.

Англия WU-19 — Испания WU-19 матчы Шотландияның Стерлинг қаласында өтеді.


Сізден жаңалық