Қазақстандық кәсіпорындар Қытайға сүт экспорттайды – АШМ

29 Шілде 2020, 12:46
1333
Бөлісу:
Қазақстандық кәсіпорындар Қытайға сүт экспорттайды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне енді. Олар: "Гормолзавод" ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), "Дәулет-Бекет" (Талдықорған, Алматы облысы) және "Лидер-2010" (Рудный, Қостанай облысы).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы Фудмастер, Қарағандыдағы ​​Евразия Инвест LTD және Түркістандағы Golden Camel Group LTD сияқты үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын, - делінген ведомство мәліметінде.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдерін өндіретін 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы