Қазақстандық балуан Италияда халықаралық турнирде топ жарды

26 Мамыр 2019, 15:11
1773
Бөлісу:
Қазақстандық балуан Италияда халықаралық турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен Sassari City MAtteoPellicone Memorial халықаралық турнирінде қазақстандық еркін күрес шеберлері 7 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жақында ғана Азия чемпионатында топ жарған Нұрғожа Қайпанов Италияда да қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол 70 келіде жеңімпаз атанды. Расул Қалиев (61 келі), Данияр Қайсанов (74 келі, Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) күмісті қанағат тұтты. 

Саятбек Оқасов (65 келі) пен Олег Болтин (125 келі) қола жүлде алды. 

Қыздар арасындағы сында Айна Теміртасова (65 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) үздік үштікке енген.

Өзгелердің жаңалығы