Қазақстанда жас жұбайлар тойға тікұшақпен келген

18 Шілде 2019, 14:20
1671
Бөлісу:
Қазақстанда жас жұбайлар тойға тікұшақпен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Той кортежіндегі» тікұшақ ұшқышы әуеге ұшудан шеттетілді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. 

Азаматтық авиация комитеті азаматтық авиациядағы ұшу тәртібін бұзған ұшқышты әуеге ұшудан шеттетті.   

Falcon Avia ЖШС-ға тиесілі тіркеу №UP-RB006 R-44 тікұшағының елді мекенге (алдын ала мәлімет бойынша Шу қаласы) қонған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Тікұшақ «той кортежі» ретінде қолданылған. Осылайша, қазақстандық жас жұбайлар өз тойларында ерекшеленгісі келген.     

"ҚР инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 28 шілдедегі №509 бұйрығымен бекітілген ҚР Азаматтық авиациядағы ұшу тәртібінің 423-пунктіндегі ережелер сақталмағандықтан, аталған дерек бойынша ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің шешімімен елді мекен аумағына қонғаны үшін А.В. Матвиенко әуеде ұшудан шеттетілді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Falcon Avia ЖШС-ға тексеріс жұмыстарын жүргізетін инспекциялық комиссия жіберілді. 

Өзгелердің жаңалығы