Қазақстанда жаппай ереуілге қатысқан 4 мыңға жуық адам ұсталды

8 Қаңтар 2022, 09:19
16831
Бөлісу:
Қазақстанда жаппай ереуілге қатысқан 4 мыңға жуық адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда террористерге қарсы операция жалғасып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 3711 адам ұсталған. 26 террористің көзі жойылды. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі ресми мәлімет таратты.

Еске сала кетейік, кеше қылмыс әлемінің серкесі, «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиевтің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды,-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетуге тырысқан.

Өзгелердің жаңалығы