Алматы, BAQ.KZ. "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ еліміздегі "Tengri Bank" АҚ-мен бірікпек. Мұндай мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.
Оқи отырыңыз:
Жиналыстың күн тәртібінде:
- "Tengri Bank" АҚ, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ акционерлерінің "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ "Tengri Bank" акционерлік қоғамына бірігу арқылы ерікті түрде қайта құрылуы;
- AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" және "Capital Bank Kazakhstan" АҚ "Tengri Bank" акционерлік қоғамына бірігу туралы келісімшартын бекіту мәселесі қаралмақ.