Қазақстанда «Стелс-Омикрон» штамы анықталды – ҚР ДСМ

14 Мамыр 2022, 03:30
1508
Бөлісу:
Қазақстанда «Стелс-Омикрон» штамы анықталды – ҚР ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамының түрлі нұсқасы анықталды. «Омикрон штамм» барлық өңірлерден анықталды, оның ішінде 12 өңірден «стелс-омикрон» табылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды.

Сондай-ақ B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ын құрайды.

ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.

Алты ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың үш түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы