Синоптиктер күн ыстық болатынын ескертті

5 Тамыз 2019, 17:44
1695
Бөлісу:
Синоптиктер күн ыстық болатынын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.   

Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейіп, дауыл соғуы мүмкін. Сонымен қатар, бұршақ та жаууы ықтимал.  

Синоптиктердің болжамынша, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы және 35…42°С дейін қатты ыстық сақталады. 

«Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуымен батыс және солтүстік-батыс аймақтарынан басқа жерлерде 6 тамызда республиканың басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Содан соң Мурманск аймағынан салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасының күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, кей жерде 30 градус жылы болуы ықтимал», - делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.
         

Өзгелердің жаңалығы