Қазақстанда 6,2 млн адамның банктерде кредиті бар
11 Мамыр, 12:52 423

Қазақстанда 6,2 млн адамның банктерде кредиті бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 6,2 млн адамның банк алдында қарызы, яғни несиесі бар. Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Банктерде 6,2 млн жеке тұлғаның, яғни адамның несиесі бар. Оның ішінде банктердің балансында 430 мыңға жуық кредит алушының проблемалы кредиттері бар. Ал қалғандары микроқаржы ұйымдары. Сонымен қатар банктерде баланстан тыс есепте бірталай проблемалық кредит алушы бар, - деп айтты агенттік төрағасы.

Оның сөзінше, агенттік тиісті есептеулер жүргізіп, осындай проблемалы қарыз алушыларды жалпы санын анықтаған. 

Егер барлық банк пен микроқаржы ұйымын, сонымен бірге банктердің коллекторларға сатқан қарыздарын алсақ, онда 1,5 млн-ға жуық қарыз алушының проблемалы несиесі бар, - деп толықтырды Мәдина Әбілқасымова. 

Агенттік басшысы атап өткендей, банктердің балансында 430 мыңға жуық проблемалы несие тіркелген. Ал қалғаны микроқаржы ұйымдары мен банктердің баланстан тыс тізімінде.


Фото: дереккөз
Загрузка...